Сұрақтарға соңғы жауаптар

Қадыр Мырза Әлі ат. театрына бару

2017-05-04
Қадыр Мырза Әлі ат. театрына бару

«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының қызметкерлері Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы театрына барды. Театрда 1125 адамға арналған амфитеатр, 150 адамға арналған заманауи арнайы эффектілермен және акустикамен жабдықталған концерттік зал, мұражай және миллионнан аса кітап қорын қамтитын кітапхана бар.

Қадыр Мырза Әлі аңызға айналған тұлға. Жымпиты ауылының тумасы қазақ әдебиетіне баға жетпес үлес қосты. Ол поэмалардың, мақалалардың және екі жүзден аса әннің авторы. Сонымен қатар ол ұлттық жұмбақтар, жаңылтпаштар мен мақалдардың жинаушысы ретінде танымал.
Қадыр Мырза Әлі мұражайында атақты ақынның шығармашылығы, сондай-ақ жеке заттары мен оның жазған кітаптары көрсетілді.
Театрдың жобасы 2012 жылы дайындалған болатын. 2013 жылы «Мемсараптама» РМК-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы жоба бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын берді. Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сарапшылары жобаны қарауға атсалысып, оң сараптама беруде өз үлестерін қосты.