Сұрақтарға соңғы жауаптар

Сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға байланысты іс-қимыл

2017-08-03
Сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға байланысты іс-қимыл

2017 жылдың 02 тамызында Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер бойынша- Департамент басшысының орынбасары А. С. Жубанышпен «Мемсараптама» РМК-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен (бұдан әрі Филиал), сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет орындау жоспарының тармақтарын іске асыру бойынша іс-шаралық бағдарлама ұйымдастырылды және өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы мемлекеттік қызмет мүдделерін және мемлекеттік басқару, әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыбы бойынша филиал қызметкерлеріне баяндама ұсынылды, жане де Батыс Қазақстан облысында жасалған құқық бұзушылыққа қатысты мысалдар келтірілді.
Ұсынылған бейнематериал аяқталғаннан кейін, Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істер департаменті агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер өкілінің – сөз сөйлеу соңында, кездесу қатысушылары пікір алмасып, ұсынылған материал бойынша қысқаша талқылап өтті.
Кездесу нәтижесінде, қызметкерлер туындаған сұрақтар бойынша толық ақпарат алып, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісі кезінде, жүгінуге болатын сенім телефон номерлерімен танысты.