Сұрақтарға соңғы жауаптар

«Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша лекция

2019-03-19
«Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша лекция

2019 жылғы 13 наурызда «Мемсараптама» РМК-де аумақтық бөлімшелермен бірлесіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры Жазира Жақсылыққызы Жылқышиеваның қатысуымен «Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заманауи әдістері» тақырыбына бейнеконференция және «Астана – адалдық алаңы» жобасымен танысу өтті.

2019 жылдың 19 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындауда «Мемсараптама» РМК-нің Батыс Қазсқатны облысы бойынша филиалында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілі Б.З.Ахмеджан, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Б.М.Хайруллиннің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды.
Ұйым өкілдері сөздерін аяқтағаннан кейін қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі сұрақтар қойылып, ұсынылған материалдарды қысқаша талқылау жүргізіліп, сараптамаға сапасыз жобалау-сметалық құжаттамасының ұсынылатыны туралы мәселелер көтерілді.