Сұрақтарға соңғы жауаптар

«Сәтті келіссөздер дағдылары» тақырыбына семинар

2019-02-07
«Сәтті келіссөздер дағдылары» тақырыбына семинар
«Сәтті келіссөздер дағдылары» тақырыбына семинар
«Сәтті келіссөздер дағдылары» тақырыбына семинар

«Мемсараптама» РМК жұмыскерлерін кәсіби оқытудың 2019 жылға арналған жоспарын орындау үшін 2019 жылғы 5 ақпанда Астана қаласында «Сәтті келіссөздер дағдылары» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға қатысушылар – «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының басқарушы жұмыскерлері және филиалдарының басшылары.
Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды:
1. КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУШІ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ПАРАМЕТРЛЕРІ
• ТӘУЕКЕЛ келіссөздеріне дайындау моделі
• Келіссөз процесінің мақсаты
• Мүдделердің көп қыры
• Келіссөздер кезеңдері
2. СЫНДАРЛЫ КЕЛІССӨЗДЕР («ГАРВАРД ӘДІСІ»)
• Келіссөздер кезінде қалай сенімгерлік ахуалды жасауға болады?
• Сенімділіктің үш құраушысы және оларды таныту әдістері
• НАОС-тың таңдамалы баламасы
• Келіссөз жүргізушілердің позициясы
• Объективті өлшем іздеу
• Нұсқаларды салыстыру
3. ҚЫСЫМ ЖАСАУ ЖӘНЕ БҰРМАЛАУ
• Бұрмалау түрлері мен олардың дәлелдері
• Бұрмалауды қалай байқап қалуға болады
• Бұрмалауды байқап қалу әдістері
• Шабуыл жасауға арналған 10 тәсіл
• Қорғануға арналған 10 тәсіл
• Позициялық күреске арналған 10 тәсіл
4. КЕЛІССӨЗДЕР КЕЗІНДЕГІ ЛОГИКА
• Логикалық сендіру алгоритмі
• Логикалық негіздеу
5. ЭМОЦИЯЛАР
• Эмоциялық теңгерім
• Жағымды және жағымсыз эмоциялар
• Эмоцияның шешім қабылдауға тигізетін әсері
• Эмоциялық теңгерімді ұстау
• Қалай қатты ашуланған оппонентті бейілдіге айналдыруға болады?
• Оппоненттің эмоциясын қалай бейтараптандыруға болады?
• Эмоциялармен «Травление лески» жұмыс жасау техникасы
• Қатынасу кедергісі
Семинар модераторы – келіссөздер және бизнес коммуникациялар жөніндегі сарапшы Светлана Каплина.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.