Сұрақтарға соңғы жауаптар

«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының 2017 жылдың 9 айы бойынша қызмет нәтижелері

2017 жылдың 9 ай аралығында филиалда құрылыстың белгіленген (есептелген) сметалық құны 81,541 млрд. теңгені құрайтын 149 жұмыс жобасы қарастырылды. Олардың ішінде құрылыстың белгіленген (есептелген) сметалық құны 77,74 млрд. теңгені құрайтын 137 жұмыс жобасы бекітуге ұсынылды.
Сараптама жүргізу барысында жобалау құжаттамасының сапасының төмендігіне, көптеген аяқталмаған жұмыстар мен қателіктердің анықталуына байланысты, 12 жобалау құжаттамасы пысықтауға қайтарылды.
Мемлекеттік сарапатаманың құжаттама бойынша ескертулері мен ұсынылған ұсыныстарынан соң, сонымен қатар, дәлелденбеген және мақсатсыз шығындарды жоюда, құрылыстың белгіленген (есептелген) жалпы сметалық құны 5,124 млрд. теңгеге қысқартылды, соның ішінде мемлекеттік инвестициядан қаржыландырылатын жобалар 3,103 млрд. теңгені құрады.

2017 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен қазақстандық қамту жобалары бойынша мәліметтер.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаттамалық шешімдерін орындау барысында, «Мемсараптама» РМК қазақстандық қамту бойынша сараптамаға ұсынылған құрылыс жобаларына үнемі қадағалау жүргізеді.
«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалында қарастырылатын жобаларды қазақстандық қамту бойынша жүргізілген талдау, 9 айға есептегендегі отандық құрылыс индустриясы өнімдерінің бөлігі ресурстық бағадан 65,126 % болатынын көрсетті.
Соның ішінде:
- тұрмыстық-азаматтық құрылыс нысандары бойынша - 82,067 %;
- инженерлік және коммуналдық инфраструктура нысандары бойынша – 80,283 %;
- теміржол және автомобиль жолының құрылыс нысандары бойынша - жоқ %;
- магистралды инженерлік желілер нысандары бойынша – жоқ %;
- өнеркәсіптік нысандар бойынша – 57,410 % құрады.
Қазақстандық қамту бойынша бұрыннан бар нысандарды күрделі жөндеу және реконструкциялау кезінде 77,044 % құрады.
Барлық жобаларда, сонымен қатар Қазақстанда шығарылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарын есептегенде, отандық жылу үнемдегіш және жабындық материалдар, санитарлық-техникалық бұйымдар (болат ванналар, жылыту радиаторлары), және де қазақстандық тауар өндірушілердің өңдеу материалдары (құрғақ құрылыс қоспасы, гипстікартонды беттер, сулыэмульсиялы бояулар және т.б.) қолданылды.
Қазіргі кезге дейін Қазақстан Республикасында төмендегі тауарлардың өндірісі қарастырылмаған:
- Инженерлік жүйелердің құбырын ішінен ажырату үшін металдан жасалған тар тұрба;
- тиімді жабын материалдары, құрылыс әйнектері, глазурленген керамикалық плита және плиталар, керамикадан жасалған санитарлық – техникалық бұйымдар, едендік жабындар және т.б.
- мектептерге, ауруханаларға және денсаулық сақтау бойынша басқа да нысандарға, зертханалық жабдықтар, сонымен қатар, тұрмыстық-азаматтық бағыттағы нысандар үшін инженерлік жабдықтар мен лифті шаруашылығы машиналары.
- өнімділігі жоғары насостар, электротехникалық жабдықтар, жоғары вольтты сызықты және электротехникалық қосалқы стансасының бұйымдары мен жабдықтары;
- мұнай-газ нысандары мен энергетика саласындағы құрылғылар үшін технологиялық жабдықтар.