Вход в систему

Опрос

Удобен ли в использовании портал электронной сдачи ПСД?:

Последние ответы на вопросы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша семинар (дәріс)

2019-04-23
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша семинар (дәріс)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша семинар (дәріс)

Алматы қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы мониторинг тобының қызметі. «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы» тақырыбында семинар (лекция) өткізді.
2019 жылғы 12 сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар аясында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы жұмыскерлеріне арналған «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы мониторинг тобының қызметі. «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы» тақырыбында семинар (лекция) болып өтті
Семинарды филиал директорының м.а. А.Г. Хусаинов сөз сөйлеп ашты.
А.Г. Хусаинов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді, соған байланысты түрлі форматтағы іс-шаралар, оның ішінде лекция-әңгімелесулер, семинарлар өткізіліп отырады, сол мақсатта филиалға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері шақыртылып отырғандығын айтып өтті.
Сөз сөйлегендер: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.С. Балгимбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі басқармасының бас маманы С.С. Алимжанов.
Семинарда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы мониторинг тобы қызметінің 2018 жыл қорытындысы жайлы айтылды. «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы кеңінен таныстырылды.
Лекция аяғында қатысушыларға үлестірме материалдар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді